Нұр-Сұлтан 26.7°
×
12.11.2021, 10:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

МӘМС: Елордада қазан айында 3,6 млрд теңгеге жуық жарна түсті

Елордалықтар 2021 жыл басталғалы бері, яғни қаңтар-қазан айларында медициналық сақтандыру үшін 34 млрд теңге жарна аударған, деп хабарлады Elorda.info.

МӘМС: Елордада қазан айында 3,6 млрд теңгеге жуық жарна түсті

«Жыл басынан бері, яғни 2021 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында МӘМС үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 млрд теңге жарна аударымдары түскен. Ал осы жылдың қазан айында елордалықтар медициналық сақтандыру үшін  3,6 млрд теңгеге жуық жарна аударды» – деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2021 жылдың 31 қазаны аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы 92,2 млрд теңгеге жуық соманы құрады. 

«2021 жылдың қазан айында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 3,6 млрд теңгеге жуық жарна аударған. Оның ішінде жұмыс берушілердің аударымдары 1,7 млрд теңгеге жуық, ал жеке кәсіпкерлерден түскен жарна – 1,9 млрд теңге. Осы аралықта бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша аударылған МӘМС жарналары 8,8 млн. теңгені құрайды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасап, тексергеннен кейін ғана Қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері