Нұр-Сұлтан 20.6°
×
09.11.2021, 23:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Байланыс сапасын нашарлатқан операторлар 100 млн теңге айыппұл төлейді

Қазақстандық операторларға байланыс сапасын тексеру қорытындысы бойынша 100 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Байланыс сапасын нашарлатқан операторлар 100 млн теңге айыппұл төлейді

Ведомствоның Tengrinews.kz сауалына берген жауабында айтылғандай, бұған дейін елімізде байланыс қызметінің әдістемесі мен сапасының көрсеткіштері бекітілген. Байланыс операторлары үшін интернет жылдамдығының ең төменгі талаптары белгіленді.

«Биыл министрлік байланыс операторларына қатысты 454 тексеру жүргізіп, 100,1 миллион теңге көлемінде айыппұл салды. Жүргізілген тексерулердің саны министрлікке келіп түскен хабарламалардың санына байланысты» делінген хабарламада.

Сондай-ақ байланыс қызметін көрсететін ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін күшейту бойынша түзетулер дайындалған. Байланыс саласындағы сапа стандарттарына, техникалық нормаларға сәйкес келмейтін пайдаланушыларға байланыс қызметтерін көрсеткені үшін жасалған әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін айыппұлдың мөлшерін ұлғайту жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, байланыс операторларына айыппұлдар ҚР ӘҚБтК-нің 637-бабында көзделген.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері