Нұр-Сұлтан 18.8°
×
08.11.2021, 15:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада алты бала иіс тиіп уланды

Нұр-Сұлтанда 6 бала иіс тиіп, уланған. Бұл туралы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Әйгерім Райымқұлова айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада алты бала иіс тиіп уланды

Оның айтуынша, оқыс оқиға бүгін болған.

"Бүгін таңғы сағат 7.40-та саяжайдағы үйде 6 бала иіс тиіп, уланды. Біз тексеріс жүргіздік. Кейін отбасының Қызылорда облысынан Нұр-Сұлтан қаласына қыркүйекте көшіп келгенін анықтадық. Балалар 2009, 2011, 2013, 2017, 2020, 2021 жылдары туған", - деді Ә.Райымқұлова.

Әйгерім Райымқұлова бұл үйде бұрын басқа отбасы тұрғанын жеткізді. Ол бүгінде 2 млн үйде пеш барын атап өтті.

"Біз тұрмысы төмен үйлердегі жағдайды бақылауда ұстаймыз. Бүгінде осындай 107 мың үй бар. Олар қырағы бақылауда. Онда өрттің алдын алу үшін үнемі профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі", - деді бас маман.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері