Нұр-Сұлтан 17°
×
05.11.2021, 11:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 320 мыңнан астам қызмет алды

Жыл басынан бастап 236 мыңнан астам мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдарын, 6 мыңнан астам ымдау тілі қызметтерін, 33 мыңнан астам жеке көмекшінің қызметтерін, 52 мыңға жуық санаторлық-курорттық ем алды. Сондай-ақ, портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 195 мың тапсырыс рәсімделді, деп хабарлайды Elorda.info.

Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 320 мыңнан астам қызмет алды

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беріледі.

Бүгінгі күні порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 865 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 158 ОТҚ жеткізуші, 15 мыңнан астам жеке көмекші, 257 ымдау тілін қызметін, 72 санаторлық-курорттық емдеуді, 135 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Қолдауға арналған байланыс орталығына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, тілді таңдау және 5 санын басу арқылы порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері