Нұр-Сұлтан 24.1°
×
03.11.2021, 21:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Пенжімдегі қақтығыс ұлтаралық негізде болған - ІІМ

Алматы облысының Пенжім елді мекеніндегі болған оқушылар арасындағы кикілжің ұлтаралық негізде басталған. Бұл туралы Қазақстан үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысында айтылды, деп хабарлайды Elorda Info.

Пенжімдегі қақтығыс ұлтаралық негізде болған - ІІМ

Қазақстан Республикасы ІІМ полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының бастығы Әсет Оспанов Пенжімдегі оқушылар арасындағы жанжал ұлтаралық сипатқа ие екенін мәлімдеді.

«Ұлтаралық негізде оқушылар арасында қақтығыс жағдайлары бар. Биыл қазанда Батыс Қазақстан облысында және жақында ғана Алматы облысының Пенжім ауылында осындай фактілер тіркелді. Ұлты бойынша бөлінген 9-10 сынып оқушылары топ болып төбелескен», - деді басқарма бастығы.

Пенжім ауылындағы төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде тез тарап, қоғамның қызу талқысына түсіп үлгерді. Әсет Оспановтың айтуынша, уақытында қабылданған шаралар қақтығыстың алдын алуға және ұлтаралық алауыздықты болдырмауға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, оқушылардың қатысуымен болған оқыс оқиға 27 қазан күні кешке Алматы облысы, Пенжім ауылындағы мектептің жанында орын алды. 9-10 сынып оқушыларының дауы жаппай төбелеске ұласты. Қақтығыс салдарынан жасөспірімдердің бірі қатты зардап шекті.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері