×
03.11.2021, 09:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қызылордада алаяқ емші ұсталды

Қызылордада 21 жастағы алаяқ емші ұсталды, деп хабарлайды Elorda.info.

Қызылордада алаяқ емші ұсталды

21 жастағы қыз дәстүрлі емес жолмен емдеймін деп тұрғынның сеніміне кірген. Ол көрсеткен қызметі үшін қомақты сыйақы алған.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 23 жастағы қала тұрғыны арызданған. Айтуынша, алаяқ емшінің құрбаны болған.

“Осы жылдың қыркүйек-қазан айларында белгісіз азаматша оны әңгімеге тартқан. Артынша, өзін емші ретінде таныстырып, емшілік жолмен ауруларыңды емдеп беремін деп сендірген. Осылайша, емшінің арбауына түскен қала тұрғыны еш ойланбастан қолына 550 мың теңге ақшасын ұстата салған. Шұғыл шаралардың нәтижесінде 21 жастағы қала тұрғыны ұсталды”, – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталған алаяқтық іс бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүруде.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері