Нұр-Сұлтан 18.6°
×
02.11.2021, 07:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ел мектептеріне мұғалімдер жетіспей жатыр

«Nur Otan» партиясы жанындағы білім және ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова елімізде колледж оқытушылары жетіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Ел мектептеріне мұғалімдер жетіспей жатыр

Қазір еліміздегі 770 техникалық және кәсіби білім беру орталығында 40 мың педагог қызмет етеді. Дегенмен техникалық және кәсіптік мектептерде әлі 2,5 мың маман тапшы. Сондай-ақ тағы бір өзекті мәселе – колледж түлектерінің жартысынан астамы мамандық бойынша жұмыс істемейді.

Кеңес мүшесі Дәулет Арғындықовтың айтуынша, бастауыш сынып мұғалімдері мен орта сыныптар үшін пән мұғалімдеріне сұраныс жоғары. 18 мыңға жуық педагогикалық бос жұмыс орны бар. Ал алдағы жылдары кадрлар қажеттілігі тіпті артатын көрінеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері