Нұр-Сұлтан 26.7°
×
02.11.2021, 00:05
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Биыл студенттерге тағы 24 жатақхана берілмек

Биыл Қазақстанда жыл соңына дейін 24 жатақхана пайдалануға берілмек. Ал оған дейін қазір 20 студенттер үйі игілікке жараған. Осылайша, бір жыл ішінде 44 нысан 10 069 студентті қабылдай алатін болып тұр, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл студенттерге тағы 24 жатақхана берілмек

БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018-2020 жылдар аралығында 20 266 орындық 75 нысан пайдалануға берілген. Яғни жоспар 101 пайызға орындалып отыр.

Жалпы, жатақханаларды іске қосу бойынша Нұр-Сұлтан қаласы көш бастап тұр. Мұнда сыйымдылығы 4 мыңнан асатын 6 студенттер үйі пайдалануға берілген.

Ал рейтингтің екінші қатарында ШҚО тұр десек, онда 2926 орындық 10 жатақхана іске қосылған. Сондай-ақ көшбасшылар үштігіне еніп отырған Алматыда салынған 11 жатақхана 2700 орынға есептелген.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері