Нұр-Сұлтан 20.6°
×
29.10.2021, 15:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Оқушылар енді мектепке кітап тасып жүрмейтін болады

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы 5 жыл ішінде елімізде бірқатар сала толық цифрландырылмақ, деп хабарлады Elorda.info.

Оқушылар енді мектепке кітап тасып жүрмейтін болады

«Ауылдық жерлерде медицина мен білім беру жүйелеріндегі қызмет сапасы төмендеу. Бәрімізге белгілі, ауылдық жерлердегі сапаны арттыру үшін білікті мұғалімдер мен мамандар қажет. Сонымен қатар оларды ол аймақтарға қалай апару керек? Мұндай проблема бар және оны ойластыру керек. Сол себепті, медициналық мәселелерді шешу үшін біз диагностиканы цифрлық форматта жүргізуге тиіспіз», - деді Бағдат Мусин.

Сонымен қатар ол алдағы жылдары оқушылар мектепке кітапсыз баратынын айтты.

«Мектептерге цифрлық технологияларды барынша енгізіп, оқушылар кітаптарды өзімен бірге тасып жүрмейтіндей етіп, барлығын цифрлық форматқа көшіру жоспарланып отыр», - деді министр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері