Нұр-Сұлтан 16.1°
×
27.10.2021, 12:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Коллекторлармен ауызжаласқан 18 сот орындаушы лицензиясыз қалды

Биыл 18 сот орындаушы лицензиясынан айырылған. Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, олардың коллекторлармен заңсыз байланысы болған көрінеді, деп хабарлады Elorda.info.

Коллекторлармен ауызжаласқан 18 сот орындаушы лицензиясыз қалды

«Министрлік заңбұзушылықтарды, олардың коллекторлармен заңсыз байланысын анықтады. Бұл сот ісін жүргізуге және лицензиядан айыруға негіз болды», – деді министр «Ұлттық мүдде» бағдарламасында.

Осы орайда Әділет министрлігі сот шешімінің орындалуын әрі қарай дамытудың екі жолын таңдап отыр. Оның біріншісі – ашықтықты қамтамасыз ету, электронды жүйелерді дамыту, ал екіншісі – сот орындаушылардың өзін-өзі реттеуін дамыту. Енді ашықтық пен өзін-өзі реттеуді дамыту арқылы жеке сот орындаушылар палатасы тиімді жұмыс істейтін болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері