Нұр-Сұлтан 14.5°
×
21.10.2021, 20:01
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандықтар жиі қолданатын 10 дәрінің ішінде еш пайдасы жоқ гомеопатиялық өнім де бар

Sell in database Vi-ORTIS дерегінше, биылғы тамызда дайын дәрілік өнімдердің бөлшек нарығы көлемі 39,6 млрд теңгені немесе 56,3 млрд қаптаманы құрады. Бұл былтырғы тамыздағы көлемнен 65%-ға көп, деп хабарлайды Elorda.info.

Қазақстандықтар жиі қолданатын 10 дәрінің ішінде еш пайдасы жоқ гомеопатиялық өнім де бар

Отандық нарықта үлкен сұраныстағы үш дәрілік өнімнің қатарында коронавирустық инфекцияны емдеу протоколына кіретін бір антикоагулянт (риваросабан, Қазақстанда «Ксарелто» атты атаумен танымал) пен цефтриаксон («ЦЕФ III», «Цефамед», «Ротацеф» брендтері) және азитромицин («Сумамед», «Зитмак» брендтері) атты екі антибиотик бар.

Бактерияға қарсы препараттар өте кең сұраныспен қолданылып, бөлшек нарықтың 10,3%-ын иеленген. 

Қызығы, үлкен сұранысқа ие дәрілік препараттардың қатарында еш пайдасы жоқ гомеопатиялық өнім де бар. Мұндай гомеопатиялық өнім ұсынатын 43 брендтің дәрілік препараттарын халық жиі сатып алған.

Еліміздегі жалпы фармөндіріске келсек, биылғы қаңтар мен тамыз аралығында отандық компаниядық 145,4 млрд теңгенің өнімін шығарған, былтыр бұл көрсеткіш 51,5 млрд теңгені құраған болатын. 

Фармпрепараттарды өндіру көлемі бойынша Қарағанды облысы алда келеді. Мұнда 69,8 млрд теңгенің өнімі шығарылған. Бұл жерде Қарағанды фармацевтикалық кешені жұмыс істейді. 

Екінші орында Шымкент тұр, Қазақстанда өндірілген барлық дәрілік препараттың 20,7%-ы осында шығарылған. Бұл жерде “Химфарм”, “Зерде-Фит”, “КазМедПром”, “Marai E7 Group”, “ЭкоФарм Интернейшнл” секілді зауыттар жұмыс істейді.

“СК-Фармацияның” мәліметінше, бүгінде отандық фарминдустрияда 96 ұйым жұмыс істейді. 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері