×
18.10.2021, 10:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бөтен адамның атынан онлайн несие ашқан алаяқ ұсталды

Шымкентте бөтеннің атынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Elorda.info polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бөтен адамның атынан онлайн несие ашқан алаяқ ұсталды

15 қазанда Шымкент қаласы Полиция департаменті әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданған.

Ол өз арызында белгісіз тұлға мобильді қосымшасын пайдалана отырып, оның рұқсатынсыз 1 900 000 теңгеге онлайн несие рәсімдегенін көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері