×
15.10.2021, 12:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

2022 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады

2022 жылы қазақстандықтарда 245 жұмыс күні мен 120 демалыс күні болады. Көптеген мерекелік демалыс 3-4 күнге созылады, деп хабарлайды Elorda.info.

2022 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады

Күнтізбе бес күндік жұмыс немесе оқу аптасы бойынша жасалды. 

2022 жылы болатын ең ұзақ демалыстар: 

қаңтарда - Жаңа жылда 4 күн;

наурызда - Халықаралық әйелдер күнінде 3 күн және Наурыз мейрамында 5 күн;

мамырда - Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай 4 күн;

желтоқсанда - Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалады. 

7 қаңтардағы Рождество мейрамы жұмаға түсіп тұрғандықтан қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады. Ал Құрбан айт сенбі, 9 шілдеге түсіп тұр. Заң бойынша, діни мейрамдар демалыс күнге түскен жағдайда демалыс күні ауыстырылмайды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері