Нұр-Сұлтан 17.1°
×
14.10.2021, 17:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық беру жөніндегі комиссия отырысы өтті

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.

Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық беру жөніндегі комиссия отырысы өтті

Аталмыш мемлекеттік сыйлық ғылыми жаңалықтар ашқан, жаңа технологиялар ойлап тапқан ғалымдарға, сондай-ақ ғылыми – техника және инновация бағытында нәтижелі жұмыс атқарып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқан мамандарға беріледі.

2021 жылы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлыққа үміткер 16 жұмыс келіп түскен. Алдын ала іріктеуден кейін оның 10-ы екінші кезеңге өткен.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия аталмыш мемлекеттік сыйлықты беру үшін жұмыстар тізбесін бекітті. Енді әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті Жарлық жобасы әзірленетін болады.

Атап өту керек, әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық ғылым мен техника саласындағы ғалымдар үшін ең жоғары марапат.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері