ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындауға арналған конкурс өткізеді, деп хабарлайды Elorda.info.
Халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлер тобын, отандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған.
Байқауға үміткерлер әлемнің түкпір-түкпірінен қатыса алады. Ол үшін qazvolunteer.kz интернет-платформасында өтінім беріп, волонтерлік қызметі туралы деректерді толтыру қажет. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 1 қазан сағат 09.00-ден басталды және 2021 жылғы 20 қазан сағат 18.30-ға дейін жалғасады.
Байқау екі кезеңде өтеді:
бірінші - qazvolunteer.kz интернет-платформасында ашық онлайн-дауыс беру,
екінші - ең көп дауыс жинаған және екінші кезеңге өткен қатысушыларды Конкурстық комиссия бағалайды.
Нәтижесінде келесі номинациялардың әрқайсысы бойынша үш үміткер жеңімпаз болып танылады:
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидалары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылған.
Конкурстың толық шарттарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Қазақстандағы еріктілер жылы деп жариялады.
Жыл бойы волонтерлік жұмысқа 100 мыңнан астам адам қатысты. Волонтерліктің жаңа бағыттары да тиімді дамыды. Мемлекет басшысы бей-жай қарамайтын тұрғындары көп елді жарқын болашақ күтіп тұрғанына, ал волонтерлік жұмыс барлық азаматтар үшін үлгі болатынына және Ұлттың жаңа келбетін қалыптастыруға үлес қосатынына сенім білдірді.
"Birgemiz" жалпыұлттық бастамасы қысқа мерзім ішінде пандемияның күрделі кезеңінде мұқтаж адамдарға қажетті қолдау көрсеткен көптеген жанашыр отандастарды біріктірді. Бастама аясында іске қосылған "Qamqor", "Saulyq", "Sabaqtastyq" жобалары жүздеген мың азаматтарға көмектесті. "Taza Alem" еріктілер қозғалысының өзендерді, ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптау бойынша қызметі кең қолдау тапты.
Президент волонтерлік ұйымдарды қолдау және оларға арнайы гранттар бөлу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Қазіргі уақытта елімізде 200-ден астам еріктілер ұйымы жұмыс істейді, оларға 50 мыңнан астам белсенді еріктілер қатысады.