Нұр-Сұлтан 17°
×
14.10.2021, 15:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Аз қамтылған отбасындағы оқушыларға әлеуметтік қолдауды күшейту керек – сенатор

Жеке мектептерде оқитын халықтың әлеуметтік-осал тобына жататын мектеп оқушылары әлеуметтік қолдауға мұқтаж. Сенатор Нұрлан Бекназаров өзінің депутаттық сауалында осы мәселеге назар аударды, деп хабарлайды Elorda.info.

Аз қамтылған отбасындағы оқушыларға әлеуметтік қолдауды күшейту керек – сенатор

Білім және ғылыми минитрлігінің мәліметі бойынша, елімізде 257 жекеменшік мектеп бар. Онда 64 мыңға жуық мектеп оқушысы оқиды.

Олардың бір тобы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар.

Шымкент қаласындағы ахуалды тілге тиек еткен Сенат депутаты бүгінде аталған қалада 34 жекеменшік мектепте халықтың әлеуметтік-осал тобына жататын 7 мыңға жуық бала білім алатынын жеткізді.

Осыған байланысты сенатор жекеменшік мектептерде оқитын әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларды қаржыландыру үшін қазіргі нормативтік құқықтық актілерді талапқа сай келтіру қажет екенін атап өтті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері