Нұр-Сұлтан 18.8°
×
13.10.2021, 22:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда қайта вакциналау науқаны қалай және қашан өтеді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссиямен бірлесіп азаматтарды коронавирус инфекциясына қарсы қайта вакциналау тәсілдерін әзірледі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл мәселенің ведомствоаралық комиссия отырысына енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Elorda.info.

Қазақстанда қайта вакциналау науқаны қалай және қашан өтеді
Фото: Pavel Mikheyev / Reuters

"Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналаудың толық курсы аяқталғаннан кейін 6-9 айдан соң қосымша дозаны алу ұсынылады", - деп жазды Цой Facebook парақшасында.

Ревакцинация науқаны 2021 жылғы қарашаның үшінші онкүндігінде басталады деп жоспарланып отыр.

Министр ревакциналау кезінде кімге қандай вакцинаны егуге болатынын түсіндірді:

  • векторлық (Спутник) вакцинаны салдырғандар тоғыз айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын қосымша салдыра алады;
  • инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакцина салдырғандарға алты айдан кейін векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын қайта алуға болады;
  • м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын алғандар алты айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинаны қайта салдыра алады;
  • вакциналау курсы аяқталғаннан кейін коронавируспен ауырғандар жазылғаннан соң үш айдан соң қайта вакциналаудан өтеді.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері