Нұр-Сұлтан 28.4°
×
13.10.2021, 15:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанның қай өңірлері ауыз суға мұқтаж

ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов ауыз сумен барынша аз қамтылған ел өңірлерін атады, деп хабарлайды Elorda.info Turantimes.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның қай өңірлері ауыз суға мұқтаж

Оның мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарының қала халқы 100% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Бұл ретте ауыз сумен қамтудың ең төменгі деңгейі – 88,9%, Жамбыл облысында байқалады.

Ауылдық жерлерде сумен ең көп қамтылған Алматы (98,3%), Атырау (98,5%) және Қызылорда (97,6%) облыстары екен.

Ауыл халқы арасында ауыз суға қол жетімділіктің ең төмен деңгейі Қостанай (64,7%), Шығыс Қазақстан (81,4%), Солтүстік Қазақстан (82,1%) және Жамбыл (82,2%) облыстарында көрінеді.

Төраға орынбасары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі жолдауында еліміздің түрлі өңірлерінің тұрғындары ауыз суға қол жетімділіктің әртүрлі деңгейіне екенін және осы теңсіздікті жою бойынша жұмысты бастау қажет екенін еске салды.

"Осыған байланысты, ауыз сумен аз қамтамасыз етілген өңірлердің сумен қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін қаражат басым негізде бөлінеді", – деп түйіндеді Бейбіт Шаханов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері