Нұр-Сұлтан 16.1°
×
12.10.2021, 15:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Құтқарушылардың зейнет жасын төмендету ұсынылды

Төтенше жағдайлар министрлігі елімізде құтқарушылардың зейнет жасын төмендету керек деген ұсыныс жасап отыр, деп хабарлады Elorda.info.

Құтқарушылардың зейнет жасын төмендету ұсынылды

Оған жұмыстың тым ауырлығы әрі психикаға кері әсері себеп көрінеді. Заңға сәйкес, қазір құтқарушылар құрметті еңбек демалысына 63 жасында шығады. Дегенмен 60 жастан кейін олардың апат орнында әбжіл қимылдап, бұрынғыдай жұмыс істеу қабілеті төмендейтіні анық. Ал сын сағатта өзгенің өміріне араша түсу – қызметтің басты талабы. Сондықтан министрлік мәселенің бір шешімі ретінде зейнет жасын төмендетуді ұсынып отыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері