Нұр-Сұлтан 26.7°
×
11.10.2021, 20:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда жастар «эйфория эффектісі» үшін қолданатын заттарға тыйым салынуы мүмкін

Елімізде есірткі саудасына қатысты қылмыстардың жазасы қатаңдатылды. Айталық, енді "Спайс" пен "мефедрон" деп аталатын препараттардың 1 грамы үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұрын қылмыстық іс 50 грамнан ғана басталатын. Бұл туралы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Elorda.info.

Қазақстанда жастар «эйфория эффектісі» үшін қолданатын заттарға тыйым салынуы мүмкін

«Жақында ғана синтетикалық есірткінің тағы 11, прекурсордың 17 жаңа түрінің айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген Үкімет қаулысы күшіне енеді. Сондай-ақ пиралерон, мефедрон және синтетикалық каннабиноидтың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Бұрын қылмыстық іс қозғау үшін тәркіленген есірткі заттың мөлшері 50 грамм болуы керек болса, енді бір грамнан басталатын болды», — деді басқарма бастығы.

Берікхан Нұрғалиев сонымен бірге қыркүйек айының соңында вице-премьердің қатысуымен өткен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мәселелері туралы жиында қандай шешім қабылданғанын айтты. Оның сөзінше, биылғы маусымда Үкімет адам өмірі мен денсаулығына зияны күшті заттардың тізімін бекіткен.  Оның қатарына қазақстандық жастар мен жасөспірімдер «эйфория эффектісі» үшін қолдануы мүмкін бірқатар медициналық препарат енгізілген.

«Қазір Парламентпен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірге әсері күшті заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті көздейтін заң жобасын әзірленіп жатыр. Оның ішінде аталмыш заттарды медицинадан тыс пайдалану, сақтау және тарату әрекеттері де қамтылған», — деді басқарма бастығы.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері