Нұр-Сұлтан 18.8°
×
11.10.2021, 09:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қарағандыда аттракционда арқанмен секірген әйел қаза тапты

Қарағандыда 25 метр биіктіктен «тарзанкадан» секірген әйел көз жұмды, деп хабарлайды Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағандыда аттракционда арқанмен секірген әйел қаза тапты

Оқыс оқиғаның видеосы Instagram желісінде тарап кетті.

Қайғылы жағдай «Созвездие» қонақүйінің аумағында болған. Аттракцион мейманхананың шатырында орнатылған.

33 жастағы әйел 25 метр биіктіктен секіріп, жердегі бетон конструкцияға соғылған. Ол өте ауыр жағдайда шұғыл ауруханаға жеткізілді.

«Науқасқа тез арада операция керек болды. Әйелдің басындағы гематомаларды жою үшін бас сүйегіне ота жасалды. Жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, науқас қайтыс болды», - деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері