Нұр-Сұлтан 17°
×
07.10.2021, 18:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада адам құқықтары жөніндегі комисия отырысы өтті

Елордада ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Elorda.info

 

Елордада адам құқықтары жөніндегі комисия отырысы өтті

Отырыста ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің азаматтардың денсаулығын сақтау және білікті медициналық көмек алу бойынша конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралары талқыланды. Комиссия мүшелері халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасына, әсіресе коронавирус инфекциясының алдын алу және емдеу барысында конституциялық құқықтарды сақтау және қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Комиссия отырысының жұмысында Конституциямен, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекспен, БҰҰ-ның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактісімен, Қазақстан ратификациялаған Бала құқықтары туралы конвенциямен кепілдік берілген азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында сарапшылар барлық мобильді бригадалардың, call-орталықтардың, бейінді мамандардан жасқаталған консультативтік топтардың жұмысын күшейтіп, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің уақтылы және сапалы қызмет кқрсетілу керектігін атады.

Комиссия төрағасы Игорь Роговтың айтуынша, комиссия ортырысының қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдар Мемлекет басшысының, Парламент пен Үкіметтің назарына ұсынылмақ.


 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері