Нұр-Сұлтан 28.4°
×
06.10.2021, 12:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Астаналықтар да көмір тапшылығын сезіне бастады

Қазанның қары түскенде жер үйде тұратын елордалықтар да көмір таппай абдырап қалды. Тіпті көмір қоймаларында күні бойы кезек күтсе де үйлеріне бос қайтқандар бар, деп хабарлады Elorda.info.

Астаналықтар да көмір тапшылығын сезіне бастады

Қала тұрғындарының айтуынша, бар көмірді сатушылар жекелерге емес, ақшасын алдын ала төлеген ұйымдарға тиеп жатқан көрінеді. Көмір қоймаларында отын болғанмен, сапасы нашар деседі көпшілік. Олар негізінен Шұбаркөл мен Қаражыра кен орнынан өндірілетін көмірді іздеп әлек. Ал қойма қызметкерлері мәселе тауардың аздығында деп отыр.

«Бізге көмір қазір Қарағанды, Майкүбі, Богатырьден келіп жатыр. Әзірге Шұбаркөл, Қаражыра көмірлері жоқ», - дейді сатушы Дәулет Дастанұлы.

ИИДМ өкілдерінің уәжіне сенсек, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша көмір өндірісі жеткілікті. Өткен жылмен салыстырғанда, өсім де байқалады екен. Тек аймақтарға жеткізу бойынша жоспардан тыс тапсырыстар мен өтінішітер қаралымы уақытты созып жібереді. Ал ондайда тасымалдау құны да мәселеге өз әсерін тигізбей қоймайды.

«Темір жол нарығында вагондарды жалға беру ешқандай заңнамамен реттелмейді. Яғни кімнің иелігінде вагон болса, ол оны өзі қойғысы келген бағамен жалға береді. Демек тапшылықтың бір себебі сол бір күнге вагонды жалға беру болып отыр», - дейді ИИДМ Теміржол инфрақұрылымы және жүк тасымалы басқармасының бас сарапшысы Мирас Қуантай.

Ведомство мәселені бақылауда ұстап отырғандарын алға тартты. Бірақ оның нақты қашан шешілетіні белгісіз.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері