Түркияда екі жойқын жер сілкінісінен көз жұмғандар саны саны 5834-ке жетті, 34 810 адам жарақат алды, деп хабарлады Elorda.info Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) апат аймағындағы соңғы деректерді жария етті.
Сондай-ақ бүгін жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 03:22 Түркияда 4 балдық тағы да жер сілкінісі болды.
Еске сала кетейік, кеше Түркияда тағы 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелген еді.