АҚШ-та жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрлеріне қауіп төнді. жануарлардың 40 пайызы, ал өсімдіктерінің 34 пайызы жойылудың алдында тұр, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.
Мұндай мәліметті жергілікті «Табиғатты сақтау» зерттеу тобына сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігі хабарлады. Зерттеу тобына АҚШ пен Канаданың мыңнан астам ғалымы мүше. Әсіресе Калифорния, Техас сияқты елдің оңтүстік-шығысындағы аймақтардың экожүйесіне төнген қауіп зор көрінеді. Бұл қатерге жердің тозуы, адамдардың жануарларды қырып-жоюы, өзендерді ластау мен бөгеу және әлемдегі климат өзгерісі себеп.