×
31.01.2023, 23:21
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Канада кокаин мен басқа да ауыр есірткілерді сақтауға уақытша рұқсат берді

Канаданың Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, федералды үкімет оның тиімділігін бағалау үшін пилоттық жобаны бүкіл мерзім ішінде қадағалайды

Канада кокаин мен басқа да ауыр есірткілерді сақтауға уақытша рұқсат берді
фото: Ben Nelms/CBC

Бүгіннен бастап Канадада шағын көлемдегі ауыр есірткілерді сақтауға рұқсат беретін заң күшіне енеді, деп хабарлады Elorda.info CBC.ca сайтына сілтеме жасап. 

Канада жаңалықтар агенттігінің жазуынша, есірткілерді сақтауды қылмыссыздандыру жобасы әзірге бір провинцияда іске қлсылып, пилоттық режимде жүзеге асырылады. Британдық Колумбия провинциясындағы 18 жастан асқан адамдарға арналған 3 жылдық пилоттық жоба 2,5 граммға дейін кокаин, метамфетамин, МДМА, сондай-ақ опиоидтарды (героин, фентанил және морфин) сақтауды қылмыстық жауапкершілікке тартпайды. Жоба 2026 жылдың 31 қаңтарына дейін жұмыс істейді. 

Британдық Колумбия коронерлер қызметі жариялаған статистикаға сәйкес, провинциядағы өлімнің 85 пайыздан астамы 2019 жылдан 2022 жылға дейін опиоидты анальгетик – фентанилді пайдалану салдарынан болған. Кокаин мен метамфетаминнен қайтыс болғандардың үлесі сәйкесінше 44,8 және 41,8 пайыз. 

Канаданың Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, федералды үкімет оның тиімділігін бағалау үшін пилоттық жобаны бүкіл мерзім ішінде қадағалайды.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері