Elorda.info

Маймыл шешегі ауруының атауы өзгерді

Белгілері: әлсіздік, жоғары температура және адам денесінде бөртпе пайда болады

Маймыл шешегі ауруының атауы өзгерді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегі ауруының атауын өзгертті, деп хабарлады Elorda.info Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұған нәсілшіл әзілдер себеп болған. Дәлірек айтсақ, «Монкей-покс» деген термин енді «M-покс» деп аталатын болады. Әйтпесе ғаламторда нәсілшіл және дискриминациялық сипатта адамдарға қатысты әзілдер қаптап кеткен дейді, ұйым өкілдері. Маймыл шешегі Африкадан тараған. Ол кеміргіштер мен жабайы жануарлардан адамдарға жұғады. Белгілері: әлсіздік, жоғары температура және адам денесінде бөртпе пайда болады. Әлемнің 109 мемлекетінде 77 мыңнан астам адам осы дертке шалдыққан. Оның 40 шақтысы опат болған.

Бөлісу!
жапсырмалар:

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әлем