Жексенбі күні Қытайдағы бірқатар өңірде антиковидтік шектеулерге қарсы наразылық акциялары өтті
Қытайда бір тәулікте коррнавирус жұқтырғандар саны 40 мыңнан асты, деп хабарлады Elorda.info.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, жексенбі күні елде 40 052 COVID-19 жаңа жағдайы анықталды, олардың басым бөлігінде ауру белгілері жоқ. Бұл – Қытай үшін коронавирус пандемиясы басталғалы бері орнаған жаңа рекорд. ҚХР-да күзде пандемияның жаңа толқыны басталып, ауырғандар саны рекордтық деңгейге жетті. Ел билігі шектеу шараларын енгізіп жатыр.
Жексенбі күні елдегі бірқатар өңірде антиковидтік шектеулерге қарсы наразылық акциялары өтті.