×
25.11.2022, 18:17
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Қазақстандықтар үшін АҚШ-қа виза алу жеңілдейді

Елші қазақстандықтар мен америкалықтарды бір-біріне келуге шақырды

Қазақстандықтар үшін АҚШ-қа виза алу жеңілдейді
Фото: inform.kz

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм қазақстандықтардың АҚШ-қа баруы үшін визаларды жеңілдету мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлады Elorda.info Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Дипломат америкалық тараптың қандай қадамдар жасап жатқанын айтты.

Қазір біз жасап жатқан шаралардың кейбірі - қазақстандықтардың визаны күту уақытын қысқарту. Екінші мәселе, адамдар иммиграциялық емес визаларды алуға өтініш беру үшін сұхбатқа келмеуге мүмкіндік беру. Біз көп нәрсені байқап отырмыз. Қазақстандықтар мен америкалықтар бір-біріне барғаны оң әсер етеді, - деді Дэниел Розенблюм.

Оның айтуынша, қазір визаның мерзімін ұзарту туралы ұсыныс жоқ.

Мүмкін бұл болашақтың еншісінде шығар. Бірақ біз Қазақстан үкіметімен ұзақ мерзімге көп мәрте кіру арқылы виза беруді қалай жақсартуға болатынын сөйлесіп жатырмыз. Бірақ бұл екі жақты болуы керек6 -  деді ол.

Елші қазақстандықтар мен америкалықтарды бір-біріне келуге шақырды. Себебі мұндай қарым-қатынас елдер арасындағы беріктікті нығайтады.

Сонымен қатар біз қауіпсіз болу және зиянды мәселелердің алдын алу үшін виза беру саясатымызға өте мұқият болуымыз керек. Нақты пайызын айта алмаймын, бірақ туристік визамен кетіп, сол жерде қалу жағдайы жиі болды. Сонымен қатар адамдардың елде визалық мерзімінен ұзағырақ жүру мәселесі де болды. Сондықтан виза алуға сұхбат кезінде біздің консулдар адамдардың заңды ұстанатынына сенімді болу үшін өте қиын сұрақтар қояды.- деді Д.Розенбюлм.

АҚШ-тағы іскерлік және туристік визалар қазақстандықтарға 10 жылға, студенттік және журналистік визалар бес жыл мерзімге беріледі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері