×
25.11.2022, 23:26
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Оңтүстік Кореяда демографиялық тоқырау болып жатыр

Бұған тұрғын үй қымбатшылығы және жалпы өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі себеп

Оңтүстік Кореяда демографиялық тоқырау болып жатыр
Фото: ашық дереккөз

Үш жыл қатарынан бала туу коэфиценті 0,81-ден аспайды, деп хабарлады Elorda.info «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.     

Сарапшылар халық санының күрт азаюы әлемде даму жағынан 10-орындағы ел экономикасына ауыр соққы береді дейді. Себебі елде жұмыс күші тапшы. Мамандар соңғы 16 жылда демографиялық проблемаларды шешуге 200 млрд доллар жұмсалса да, жағдай оңалмай тұр дейді. Қазіргі жас буынның отбасын құруға ынтасы жоқ.

Жастардың айтуынша, олар болашаққа күмәнмен қарайды, бұған жұмыс нарығындағы теңсіздік, тұрғын үй қымбатшылығы және жалпы өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі себеп.

Статистикаға сүйенсек, Оңтүстік Кореяда былтыр 193 мың адам ресми түрде неке қиған. Ал 1996 жылы бұл көрсеткіш 430 мың болған еді. Былтыр дүниеге келген бала саны 260 мың болса, 1971 жылы бұл көрсеткіш 1 млн  болған екен.
 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері