×
03.10.2022, 23:24
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Пәкістанда су тасқынынан 1700-ге жуық адам қаза тапты

Табиғи апат салдарынан қаза болғандар арасында 630 бала мен 340 әйел бар

Пәкістанда су тасқынынан 1700-ге жуық адам қаза тапты

Пәкістанда маусым айының ортасында басталған муссон жаңбыры мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 1695 адамға жетті, тағы 12865 адам жарақат алды. Бұл туралы Пәкістанның Табиғи апаттарды басқару ұлттық басқармасы (NDMA) мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

NDMA есебіне сәйкес, табиғи апат салдарынан қаза болғандар арасында 630 бала мен 340 әйел бар.

Бәрінен де оңтүстіктегі Синд провинциясы қатты зардап шеккен. Онда қаза болғандар саны 759 адамға жетті. Оңтүстік-батыстағы Белуджистан және солтүстік-батыстағы Хайбер-Пахтунхвада сәйкесінше 336 және 307 адам қаза тапты.

Бұдан бөлек, Пәкістанның түрлі аймақтарында 2 045 349 үй қирап, 1 162 122 бас мал қырылған.

Су тасқынынан 84 округ пен 33 046 329 адам зардап шекті. Жауын-шашын маусымы басталғалы бері 13 мыңнан астам шақырым жол мен 440 көпір зақымданған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері