×
22.09.2022, 20:49
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Пәкістанда безгек ауруы өршіді

Дерттен 320 адам көз жұмды

Пәкістанда безгек ауруы өршіді
фото: ашық дереккөзден

Пәкістанда су тасқынынан безгек ауруы өршіп тұр, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.

Кесел, әсіресе, елдің оңтүстігінде тез таралып жатыр. Су басқан аудандардағы тұрғындардың көбі ішек-асқазан ауруларынан зардап шегіп жатыр. Ал уақытша лагерьлерде тазалық сақталмай тері, іш сүзегі, безгек аурулары өршіген. Жергілікті билік ахуал шиеленісіп, бақылаудан шығып кете ме деп алаңдап отыр. Пәкістанда биыл жаңбырлы маусым кезінде су тасқыны жиілеп, елдің көп аумағын су басқан. Табиғат апатынан жүз мыңнан аса үй мен ғимарат бүлініп, қирап 30 миллионнан аса адам жапа шеккен.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері