БҰҰ-ның мәліметінше, әлемнің кедей елдерінде тұратын 8 миллион балаға аштықтан ажал қаупі бар, деп хабарлады Elorda.info Хабар24-ке сілтеме жасап.
Жыл басынан бері 15 елде азық-түлік тапшылығы болған. Нәтижесінде 260 мыңға жуық адам зардап шекті. БҰҰ Балалар қорының атқарушы директоры Кэтрин Расселдің хабарлауынша, бұл мәселені шешу үшін 1 миллиард доллар қажет.