Нұр-Сұлтан 17.6°
×
23.06.2022, 21:49
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Түркияда орман әлі өртеніп жатыр

Түркияның Мармарис курорты маңында 200 гектар жерге тараған жалынның едәуір бөлі ауыздықталғанымен, өрт әлі толық сөндірілген жоқ, деп хабарлады Elorda.info.

Түркияда орман әлі өртеніп жатыр
фото: ашық дереккөзден

24.kz мәліметінше табиғат апаты аймағынан 150 адам эвакуацияланған. Тілсіз жаумен 1 жарым мыңға жуық өрт сөндіруші күресіп жатыр. 400-ге жуық көлік және 30-дан астам ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылған. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз.

Еске сала кетейік, былтыр Түркияның Жерорта және Эгей теңізі аймағындағы оннан астам провинцияда орман отқа оранып, жүздеген адам жапа шеккен еді.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері