Нұр-Сұлтан 16°
×
28.05.2022, 21:05
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

АҚШ-та коронавирусқа қарсы жаңа дәрі қолданысқа енгізілмек

АҚШ-та коронавирус індетіне қарсы ішетін дәрі қолданысқа енгізілуі мүмкін. Ел Үкіметі, осылайша, COVID-19-дың жаңа толқынының пайда болу қатерін азайтуды жөн көрген деп хабарлады Elorda.info.  

АҚШ-та коронавирусқа қарсы жаңа дәрі қолданысқа енгізілмек
Фото: Global Look Press

The New York Times басылымының жазуынша, Ақ үй COVID-19-ға қарсы Pfizer компаниясы өндіретін Paxlovid дәрісінің қолданысқа енгізілетінін мәлімдеді. Федералдық үкімет Род-Айленд штатында орналасқан Провиденс емханасында коронавирусқа шалдыққан науқастарды тексеру мен оған Paxlovid-ті беруге кететін шығындардың орнын толтырады.

Біз індеттен қайтыс болу деңгейі айтарлықтай деңгейде азаятындай деңгейге жетуге тырысамыз және ол күн де алыс емес деген ойдамыз. Вирустан дүние салу дерегі расымен де азайып келеді, - деді СOVID-19 мәселелері бойынша Ақ үйдің үйлестірушісі, доктор Ашиш К. Джа. 

Paxlovid дәрісін жеңіл және орташа ауырлықтағы коронавирусқа шалдыққан 12 жастан асқан науқастарға қабылдауға рұқсат етілген. 

Мәліметтерге сүйенсек, АҚШ-та күн сайын қауіпті індетті жұқтырудың 110 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркеледі. Вирустың таралуы жарты айдағы көрсеткішке қарағанда 30%-ға төмендеген. 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері