Нұр-Сұлтан 22.9°
×
27.05.2022, 21:14
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Аргентина Президенті айыппұл төлеу үшін несие алған – БАҚ

Аргентина Президенті Альберто Фернандеске коронавирус шектеулерін бұзғаны үшін іс қозғалған. Ол бұл істі шешу үшін несие алған, деп хабарлады Elorda.info Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Аргентина Президенті айыппұл төлеу үшін несие алған – БАҚ
Фото: File Photo, Reuters

Басылым мәліметінше, Аргентина басшысына 2021 жылғы шілдеде әйелі Фабиола Яньестің туған күнін атап өту кезінде карантин шараларын бұзды деп айып тағылған. Банкет суреттері баспасөзде жарияланғаннан кейін жанжал туындаған. Онда Фернандес пен әйелі он қонақты күткенін көруге болады. Ал бұл жайт сол кездегі жабық нысанда кездесу өткізуге тыйым салатын шектеуді бұзған.

Ол кінәсін мойындап, кешірім сұраған. Прокуратура Президентке, бірінші ханымға және олардың қонақтарына қатысты іс қозғаған.

Нәтижесінде, Мемлекет басшысы ұзақ жыл бойы клиенті болып келген жеке банктен несие алған. Енді Фернандес пен бірінші ханым Фабиола Яньес Мальбран ғылыми институтына шамамен 3 миллион песо (26 мың доллар) аударуы керек. Осыдан кейін ғана Мемлекет басшысына қатысты іс жабылады. Олай болмаса, Фернандеске ауыр жаза тағайындалуы мүмкін.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері