Elorda.info

Ер адам бұрынғы әйелі мен екі баласын тірідей өртеп жібермек болған

Ресейде Сотниково ауылының тұрғыны бұрынғы әйелі мен екі баласын үйге қамап, тірідей өртеп жібермек болған, деп хабарлады Elorda.info «Комсомольская правда» басылымына сілтеме жасап.

Ер адам бұрынғы әйелі мен екі баласын тірідей өртеп жібермек болған

Ер адам ұзақ уақыт бойы бұрынғы әйелін қайтарғысы келген, бірақ жұбайы келіспепті. Бір күні ол әйелінің үйіне мас күйінде барып, қорқыта бастаған. Әйел оны қуып жіберген, алайда ер адам кек алмақшы болып, аулада жатқан талшықты өртеп, диванға лақтырып жіберген. Содан соң қашып шықпауы үшін үйдің есіктерін тормен және тақтаймен бекітіп тастаған.

Келіншектің айтуынша, күйеуі қашуды да ойламай, күліп, өртті тамашалап тұрған. Сол кезде өртеніп жатқан үйге жақын жерде болған студенттер көмекке келген. Олар есікке бекітілген торларды ағытып, әйел мен балаларды шығарған.

Зардап шеккен әйел бұл үйді ана капиталынан түскен қаражатқа салғанын, қазір баспанасы жоқ екенін айтты. Анасы мен балаларын достары паналатқан.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әлем