Нұр-Сұлтан 16°
×
26.05.2022, 19:44
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Референдумға дайындық Бельгияда қалай жүріп жатыр

Еліміздің конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумды өткізуге дайындық Брюссельдегі 241 сайлау учаскесінде қызу жүріп жатыр, деп хабарлады Elorda.info «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Референдумға дайындық Бельгияда қалай жүріп жатыр
Фото: дереккөз

Осы елде тұратын немесе уақытша жүрген отандастарымыз үшін Бельгиядағы Қазақстан елшілігі ғимаратының есігі айқара ашық. Мұнда 5 маусымда таңғы 7-ден оқу орындарында оқитын студенттеріміз, дипломаттар мен отбасы мүшелері, сондай-ақ қызметтік немесе туристік сапармен барғандар келе алады. Денсаулығына байланысты  келе алмайтындар үшін жылжымалы жәшік әзірленген. Оны учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері үйге дейін апарады.

Қазіргі есеп бойынша Бельгиядағы референдумға Қазақстанның 200-ге жуық азаматы қатысуы мүмкін. Басқа да отандастарымыз болса, біздің консулдық бөлімшеге хабарласуын сұраймыз. Алдағы референдум туралы ақпаратты Фейсбук пен интернет-порталымыз және смс хат арқылы таратып жатырмыз. Мемлекет басшысы қолға алған реформалар мен Конституцияға өзгерістер енгізу бастамасы азаматтарымыздың үлкен қызығушылығын тудырып отыр, сондықтан көп адам келеді деп күтеміз, – дейді Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Сұлтанғожин. 
 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері