Нұр-Сұлтан 9.2°
×
25.05.2022, 14:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қырғызстанда Өзбекстанға апаратын құпия туннель табылды (ВИДЕО)

Қырғызстанның Ош облысында Өзбекстанға апаратын құпия туннель табылды, деп хабарлады Elorda.info.  

Қырғызстанда Өзбекстанға апаратын құпия туннель табылды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Елдің ҰҚК Қырғызстанның Қара-Суй ауданына қарасты Тельман ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында Қырғызстан мен Өзбекстанды жалғайтын жалпы жерасты туннелін анықтаған.

Комитеттен мәлімдегендей, жерасты өткелінің жалпы аумағы – 270 метр.

Оның тереңдігі – 15 метр. Туннельге кіру – 1,8 метр, ені – 1,5 метр. Кіреберістен шекара сызығына дейін 40 метр, – деп жазылған хабарламада.

Бүгінде туннель анықталған учаскенің иесіне қатысты тергеу жүргізу жоспарланып отыр.

Жердің иесі Жалал-Абад облысы Қызыл-Жар психиатриялық ауруханасында болуына байланысты оның ақыл-есінің кемдігіне қайта зерттеу жүргізіледі, – делінген хабарламада.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері