Нұр-Сұлтан 16°
×
23.05.2022, 21:19
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ауған тележүргізушілері әйел әріптестерін қолдап, эфирге маскамен шықты

«Талибан» қозғалысы (Қазақстанда және бірқатар өзге мемлекетте тыйым салынған) теледидарда қызмет ететін әйелдерге бет-әлпетті жабуға міндеттейтін жарлық шығарғаннан кейін, Ауғанстанның TOLOnews телеарнасының жүргізуші ер адамдары әріптестеріне қолдау білдіріп, эфирге маска тағып шықты. Бұл туралы ауған телеарнасы мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.  

Ауған тележүргізушілері әйел әріптестерін қолдап, эфирге маскамен шықты
Фото: дереккөз

Ауғанстанда теледидар эфирінде әйелдерге хиджаб немесе никаб киюін міндеттейтін жарлық шықты. Оның қолданыс мерзімі 22 мамырдан басталды.

Жаңа ережелер барлық бұқаралық ақпарат құралдарына қолданылады.

Бұл ретте, TOLOnews телеарнасының мәлімдеуінше, «Ислам әмірлігі» басшылығының хиджаб кию туралы жарлығында теледидар бағдарламаларында жүргізуші әйелдердің беттерін жабуына қатысты нақты нұсқау жоқ.

Бізге бұл шешімді белгіленген мерзімде орындау керек деп айтылды және бүгін біз оны орындадық. Бірақ біздің дәлелдеріміз екі жақты: біріншіден, «Ислам әмірлігі» басшылығының хиджаб кию туралы жақында шығарған жарлығында телебағдарламаларда жүргізуші әйелдердің бетін жабуы керек деген нақты нұсқау болған жоқ. Екіншіден, теледидардағы жүргізуші әйелдердің бейнелері виртуалды, әйелдердің түрлері нақты көрсетілмейді, сондықтан TOLOnews бұл мәселеде өз ұстанымын ұстанады, — деді телеарна директоры Хполвак Сапаи.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері