Нұр-Сұлтан 17.9°
×
21.05.2022, 11:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Германияда жойқын құйын болып, 30 адам зардап шекті

Германияда торнадо салдарынан 30 адам зардап шекті, деп хабарлады Elorda.info Euronews телеарнасына сілтеме жасап.

Атмосфералық құйыннан шатырлар қирап, автомобильдер төңкеріліліп, ағаштар құлады. 

Солтүстік Рейн-Вестфалия жеріндегі немістің Падерборн қаласының 30 тұрғыны  торнадо кезінде жарақат алды. 

Қала билігі адамдарды құтқару жұмыстарына кедергі келтірмеуге және басын қауіп-қатерге тікпеуге шақырды.

Липпштад қаласы да қатты зардап шекті. Онда шіркеу төбесі құлап түсті. DPA ақпарат агенттігінің мәліметінше, 100-ден аса адам ашық бассейнде қамалып қалды, өйткені құлаған ағаштар жолды жауып тастаған. Оқиға орнына қаланың барлық құтқарушылары жіберілді.

Метеорологтар жұмада Германияның батысы мен орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауады, желдің екпіні сағатына 130 шақырымға жетуі мүмкін деп ескерткен болатын. Ауа райына байланысты бейсенбіде де автомобиль мен теміржол көлігінің қозғалысы бұзылып, жүздеген жертөле су астында қалды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері