Нұр-Сұлтан 9.2°
×
19.05.2022, 15:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Әлемде 811 миллионнан астам адамға тамақ жетпейді – БҰҰ

Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр, ал 811 миллионнан астам адамға тамақ жетпейді. Мұндай мәліметтер БҰҰ штаб-пәтерінде өткен «Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі: іс-қимылға шақыру» атты конференцияда айтылды, деп хабарлайды Elorda.info Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлемде 811 миллионнан астам адамға тамақ жетпейді – БҰҰ
Фото: ашық дереккөз

Аталған конференция азық-түлік тапшылығына неғұрлым бейім елдердің кең тобын және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын мемлекеттерді біріктірді. БҰҰ мәліметі бойынша әлемнің 38 еліндегі 44 миллион адам аштық алдында тұр және 811 миллионнан астам адамға тамақ жетпейді.

Аталған конференцияға қатысқан Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан әлемдік нарыққа ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ Ауғанстан аумағына халықаралық гуманитарлық көмекті жеткізудің сенімді жолдарын қамтамасыз етуге жан-жақты жәрдем көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Қазақстаннан Ауғанстанға өткен жылдың қазан айында ауған халқы үшін 20 мың тонна ұн сатып алды.

Осыған байланысты біз осы мәселеде барлық мүдделі және халықаралық құрылымдардың, соның ішінде Қазақстанда орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі ислам ұйымының қолдауына және қатысуына үміт артамыз, – деді министр.

Сонымен қатар, ҚР делегациясының басшысы серіктес елдерді мұқтаж елдер үшін ауыл шаруашылығы секторындағы еңбек өнімділігін арттырудың тиімді тетіктерін құру бойынша халықаралық қаржылық қолдауды күшейтуге шақырды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері