Нұр-Сұлтан 14.5°
×
16.05.2022, 23:02
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Дамушы елдерге саяхатқа шыққанда не істеу керек

БҰҰ мойындаған әлемнің барлық 193 елінде болып, Blue Origin ғарыш зымыранының азаматтық экипажының мүшесі болған америкалық Джим Китчен (Jim Kitchen) туристерге саяхатқа дайындыққа қатысты кеңесін айтты, деп хабарлады Elorda.info Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Дамушы елдерге саяхатқа шыққанда не істеу керек
фото: ашық дереккөзден

57 жастағы кәсіпкер және SBT топтық турларды ұйымдастыру компаниясының негізін қалаушы Джим Китчен дамушы елдерге саяхатқа шыққанда зергерлік бұйымдарды тақпауға кеңес берді. Оның айтуынша, қымбат зергерлік бұйымдар ұрылардың немесе бұзақылардың назарын аударуы мүмкін.

Маман қосымша несие картасын алып, оны сенімді жерде жасыруға кеңес берді.

Мен тонау немесе басқа күтпеген жағдай туындаған кезде көшеде ақшасыз қалмау үшін әрқашан аяқ киімнің астына қосымша пластикалық карта салып қоямын, – деп бөлісті ол.

Сонымен қатар, Китчен полиэстерден жасалған төсек орындарда ұйықтай алмайтынын айтты. Өйткені бұл материал қатты қышындырады. Осы себепті турист мақтадан тігілген төсекорын алып жүруге кеңес береді. 

Қорытындылай келе, ер адам ұзақ сапарларда әрқашан алдыңғы жағында бірнеше қалтасы бар шалбар немесе шорт киетінін атап өтті. Оған төлқұжат, телефон, отырғызу талоны, әмиянды саласыз және қажет болған жағдайда оларды тез ала аласыз.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері