Нұр-Сұлтан 22.7°
×
13.05.2022, 15:21
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Кристина Құдайбергенова»: Ресейлік бойжеткен Димаштың тегін алды (ФОТО)

Ресейдің Ростов облысы Шахты қаласының тұрғыны Кристина Алексеенко танымал қазақстандық әншіге деген сүйіспеншілігіне байланысты тегін ресми түрде Кудайбергенова деп ауыстырған, деп хабарлады Elorda.info Liter.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Кристина Құдайбергенова»: Ресейлік бойжеткен Димаштың тегін алды (ФОТО)
Фото: ашық дереккөз

Оның айтуынша, ата-анасы мен әжесі қайтыс болған кезде оның аман қалуына Димаштың әндері көмектескен.

Оқи отырыңыз: ”Сенің қалауыңды түсіндік”: Димаш Құдайбергеннің бейтаныс бойжеткенмен түскен фотосы талқыланып жатыр (ФОТО)

Мен Димашты жақсы көремін. Ол керемет адам, талантты әнші. Мен одан 3 ай 1 күн үлкенмін. Оны алғаш рет 2019 жылдың 7 қыркүйегінде Андрей Малаховтың «Привет, Андрей!» шоу бағдарламасында көрдім. Шығарылым Игорь Яковлевич Крутойдың мерейтойына арналды. Димашты көргенде бірден ұнаттым, көзіне ғашық болдым. Бағдарламада шырқаған «Знай» әніне, даусына ғашық болдым. Осы күнге дейін бұл менің сүйікті әнім, - деді бойжеткен.

Еске салсақ, бұған дейін Димаштың Швейцариядан келген жанкүйері әртістің қазақ тілін үйренуіне түрткі болғанын айтса, неміс радиосы бағдарламаны қазақстандық әншіге арнаған.
 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері