Нұр-Сұлтан 10.1°
×
21.04.2022, 22:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Гонконг мектептері қайта ашыла бастады

Гонконгте бірнеше ай бойы онлайн білім алған мектеп оқушылары енді мектепке барып оқиды, деп хабарлады Elorda.info «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Гонконг мектептері қайта ашыла бастады
фото: ашық дереккөзден

Бұған аймақтағы эпидахуалдың тұрақталуы себеп болды. Осыған орай жергілікті билік осы аптада бастауыш мектептерді, балабақшалар мен халықаралық білім мекемелерінің ашылуына рұқсат берді. Ал орта мектептер әзірге қашықтан оқу форматын жалғастыратын болады. Санитарлық талапқа сай мектеп қабырғасында оқитындар күнде экспресс тест тапсыруы керек. Ал ондағы барлық қызметкерлер вакцинаның екі дозасын да қабылдауы тиіс. Егілмеген оқушыларға мектепте білім алуға мүмкіндік берілгенмен, олар сыныптан тыс іс-шараларға қатыса алмайды. Жергілікті биліктің шешімі бойынша егер мектепте вирус жұқтырғандардың қатары 5 проценттен немесе бір сыныпта ковид дерті анықталғандардың саны 10 проценттен асса, білім мекемесі қайта жабылатын болады.
 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері