Нұр-Сұлтан 17.9°
×
21.03.2022, 15:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қытайда Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Қытайдың оңтүстігінде China Eastern компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады деп хабарлады Elorda.info.

Қытайда Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Фото: дереккөз

Stan.kz-тің жазуынша, әзірге апаттың мән-жайы мен жапа шеккендер жайлы ақпарат нақтыланып жатыр. 

Ұшақ Куньминнен Гуанчжоу қаласына MU5735 рейсін орындаған. Қазір ұшақтың тауға құлағаны белгілі. Қытай телеарналарының бірінде көрсетілген кадрдан тау арасынан шыққан ақ түтінді көруге болады. Апат Гуанси-Чжуан автономды ауданындағы Учжоу қаласының маңында болған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ бортында 132 адам болған: 123 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері