×
25.02.2022, 16:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жаназада мал союға тыйым салатын Жарлыққа қол қойылды

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров ел азаматтарына жаназада мал союға тыйым салатын Жарлыққа қол қойды деп хабарлады Elorda.info.

 

Жаназада мал союға тыйым салатын Жарлыққа қол қойылды
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы бұл туралы өзінің facebook-парақшасында жазды.  

Бүгін жаңа Жарлық шығаруды ұйғардым. Оған сәйкес, еліміздің барлық азаматына мүмкіндігі бар-жоғына қарамастан жаназада мал союға тыйым салынады. Бұрыннан белгілі, өлім шыққан үйде той болып жатқандай сезіледі. Қолында жоқтар 1 сиыр, қолында барлар 5 бас мал соятын жағдайлар әлі бар. Соның салдарынан құр намысқа тырысып, жалғыз сиырын сойып, жақындарын ақтық сапарға шығарып салуы жиі кездеседі, - деп жазды Садыр Жапаров.

Мемлекет басшысы жұрттың барлығын осы ережені сақтауға шақырды. Себебі, адам өлген үйде жоқтау айтудың орнына қазан-қазан ет қайнатып, табақ-табақ ет тартылып, тойдағыдай көріністер болып жатады. Қырғыз Президенті үлкен ұлы Дастан қайтыс болғанда туыстарына жаназада мал союға рұқсат бермегенін, бірақ жиналған 10 мыңға жуық халықтың бұған қатысты теріс пікір айтпағанын мысалға келтірді. Осылайша, ол барша қырғызстандықтардан осы Жарлықты қолдауды сұрады.

Бай-кедей деп бөлмей, бәріміз бір ережені ұстанайық. Осы Жарлықтың орындалуын бақылауды барлық жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, соның ішінде Министрлер кабинетіне тапсырамын. Жергілікті билік мектеп директорларынан бастап, барлық учаскелік полицейлер, ауыл әкімдері, аудандық мекеме басшылары, аудан әкімдері, Президент өкілдеріне дейін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бұл мәселені қатаң бақылауға алуын талап етемін. Осы Жарлықтың орындалуына әркім жауапты болатынын ескертемін, – деп жазды Қырғызстан Президенті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері