×
17.02.2022, 11:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Президент халыққа тегін қой таратуды бұйырды

Мемлекет басшысы баспасөз хатшысының мәліметінше, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев он күн ішінде өзбек халқына 350 мың бас қой мен қозыны таратып беруді бұйырыпты деп хабарлады Elorda.info.

Президент халыққа тегін қой таратуды бұйырды
Фото: ашық дереккөз

Президенттің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, бұл бастаманы жүзеге асыру үшін 100 миллион доллар жұмсалады екен. Әкімдермен бірге түрлі лауазымдағы тұлғаларға 67 бірдей ірі қой шаруашылығын құруға бір апта уақыт берілген.

Сонымен қатар биыл облыс басшылары қаракөл, қой, қозы және жүн шаруашылығы есебінен 150 мың жаңа жұмыс орнын құруы керек.

Жыл аяғына дейін 123 ірі жоба қолға алынбақ.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері