Нұр-Сұлтан 19°
×
04.02.2022, 23:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Сауд Арабиясында азаматтардың шетелге шығуы үшін вакцинаның үшінші дозасы міндеттеледі

Сауд Арабиясының билігі 9 ақпаннан бастап азаматтарға шетелге шығу үшін COVID-19-ға қарсы қосымша дозаны міндеттеуді жоспарлауда, деп хабарлады Elorda.info Khaleej Times сайтына сілтеме жасап.

Сауд Арабиясында азаматтардың шетелге шығуы үшін вакцинаның үшінші дозасы міндеттеледі
фото: Khaleej Times

Сауд Арабиясының ресми баспасөз агенттігінің (SPA) мәліметінше, 16 жасқа толмағандарға бұл ереже қолданылмайды. Ал ересек адамдар үшінші дозаны екінші вакцина алғаннан кейін 3 ай өткен кезде ғана алуы тиіс.

Айта кетейік, елде халықтың 90 пайыздан астамы толық вакцина салдырған. Соның ішінде AstraZeneca, Pfizer/BioNTech сияқты COVID-19-ға қарсы вакциналар мақұлданды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері