Нұр-Сұлтан 9.4°
×
27.01.2022, 20:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қытайда Олимпиада қонақтарына роботтар қызмет көрсетеді

Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындарына келген қонақтарға роботтар қызмет етеді, деп хабарлады Elorda.info 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Қытайда Олимпиада қонақтарына роботтар қызмет көрсетеді
https://www.techcult.ru/

Құлтемірлер қонақүйде жайғасқан меймандарға ас-суын  жеткізетін болады. Қызметтің бұл түрі аймақта коронавирус індетінің таралмауы үшін ұйымдастырылған. Өз-өзін басқаратын роботтар кез келген тапсырысты бөлмеге дейін жеткізіп бере алатын болады.

Естеріңізге салайық, Қытайда өтетін қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 4-інен 20-сына дейін жалғаспақ. Жарыстар Бейжің шаһарынан бөлек, Яньцин және Чжянцзякоу қалаларында да өтеді. Жалпы саны 109 медаль сарапқа салынған додада қатысушылар көптеген спорт түрлері бойынша бақ сынайды.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері